Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлесті

Elbasy.kz сайтының хабарына қарағанда, әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді.

Қазақстанның бұрынғы президенті осы оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, 26 тамызда кешке Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери қойманың маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Кейінгі ақпаратқа сәйкес, 90-ға жуық адам зардап шеккен. Бес әскери қызметші қайтыс болды.