Бес жыл көрсетілген «Келін» телехикаясы аяқталады

Хикаяның аяқталатынын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың өзі растады.

«Келінді қашан құртасыздар? Жаңа жылдан бастап үнді сериалдары берілмейді дегенді оқып, естіп ой бір қуанып едік. әзірге сыңқылдаған үнді сериялының музыкасының үні өшпей тұр», – деп назын білдірген көрермендерге Ойшыбаев мырза ақпан айында «Келіннің» аяқталатынын айтып, көңілін жайландырды.

Осының алдында бұл телехикая 2015 жылдың тамыз айында шамалы уақытқа тоқтап, кейіннен қайта жалғасқан болатын. Ұлттық арна басшылығы тіпті, осы фильмде ойнаған Ананди рөлінің сомдаушысы-Авика Гор, Шив — Сиддхарт Шукланы арнайы шақырып, кездесу өткізген болатын.

 

ДереккөзБАҚ.кз