Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адам белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек, – деді мемлекет басшысы.
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, аталған мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:
— 109 телефон нөмірі;
— 8-778- 810-91-09 ватсап мессенджері арнайы іске қосылды.
Сонымен қатар, 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.
Айта кетейік, апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды. 26 тамыз сағат 23:30-дағы жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам жеткізілді.