Әскери қоймадағы жарылыстан 32 адам жарақат алды

250 тұрғыны бар Қайнар ауылы 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды. Екі үлкен жарылыс пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жараланған бір қызметкері туралы ақпарат бар. Қызметкердің деректері нақтыланып жатыр. Дабыл белгісі бойынша облыстың полиция департаментінің жеке құрамы(300 адам) және 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы (520 адам) қызметке кірісті, – деп жазады облыс әкімдігі.

Апат болған жерге 30 есептеуден тұратын жедел жәрдем бригадасының және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Осыған байланысты Таразға баратын барлық жол, соның ішінде теміржол уақытша жабылды. Сонымен қатар Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Байзақ ауданында жедел штаб құрылды, оны облыс әкімі Б.Сапарбаев басқарады. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды.

«Алматы–Тараз» жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, «Тараз-Алматы» 5 экипажы уақытша жауып тастады.