Басты бетЖаңалықтарАстаналықтар қазақ...

Астаналықтар қазақ қыздарын шетелдіктерге беруге қарсы митинг өткізді

Митинг Астанадағы Республика даңғылының бойындағы Татьяна Логвиненко басқаратын Қытай азаматтарымен танысуға ұсыныс жасайтын неке агенттігінің жанында өтті. Оған 30 адам қатысты.

Митингке қатысушылар Қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуға қарсы емес, қайта агенттікке келіп ұсыныс білдірген қазақ қыздарын азаматтығынан айыруды талап етіп отыр. Олар қолдарына «Ер – жерді, ал әйел ұлтты қорғайды» деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққан.

Сондай-ақ қытайлық жігіттерге Қазақстаннан алған әрбір қалыңдығы үшін 50 000 доллар көлемінде салық салуды талап етті.

Жағдайды бақылап тұрған полиция қызметкерлері белсенділердің ісіне киліккен жоқ.

Бұдан бөлек, митингке қатысушылар танысуды ұйымдастырып жүрген неке агенттіктерін де жабу керектігін ашына жеткізді.

https://www.youtube.com/watch?v=Nj_9SKq4mUA

https://www.youtube.com/watch?v=h-Box9teWcg

 

ДереккөзBaq.kz