Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер министрінің орынбасарлары Жамбыл облысына ұшып кетті. Жақын ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер зардап шекті, − деп жазды Президент.
Бұдан бөлек, Президент өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейтінін баса айтты.
Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол қатынасы уақытша тоқтатылды, − деп толықтырды Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, бүгін сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт әлі де сөндіріліп жатыр.