Басты бетЖаңалықтарАтырауда монтерді...

Атырауда монтерді ток соғып қайтыс болды

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше сағат 14:30-да қаладағы «Нұрсая» шағын ауданында болған. 59 жастағы монтер электр бағанасына шығып, желіні жөндеп жатқан кезде ток соққан.

«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.