Куәгерлер жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсіріп алған. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша кезекші бөлім қоңырау түспеген. Қазіргі таңда полиция бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеріп, жанжалға қатысушыларды анықтап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Алакөлдегі дәмханалардың бірінде жаппай төбелес болған еді. Осыған байланысты Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасаған еді. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Адамдар тобы немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасалған бұзақылық») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.