Басты бетҚоғамҰлттық қауіпсіздік...

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын, — делінген құжатта.

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.