Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды, — делінген Elbasy.kz сайтында жарияланған шешімде.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Батырбек Байбосынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстанның бұрынғы президенті — Ельасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.
Батырбек Байбосынов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болды.