Белгілі болғандай, ол әріптесіне «соңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері түсті» деп алдап, 5 млн теңге берсе, мәселені дер кезінде шешіп беретінін айтқан.
Дегенмен, әріптесі бірден жемқорлықпен күрес қызметіне хабарласып, мән-жайды түсіндіреді. Осыған байланысты Әл-Фараби аудандық соты мемлекеттік қызметкерге қатысты үкім шығарды. Сотта прокурорлар алаяқтық әрекет жасаған бөлім басшысын 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот оған 150 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар айыпталушы бұл соманы 3 ай көлемінде өтеуге тиіс. Енді ол өмір бойы мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмайды.