Ол елден валюта «құрлықпен де, әуе арқылы да» шығаруға шектеу қойылғанын және шығарған күннің өзінде заңбұзушылардың құнды заттары тәркіленіп, ал өздері жауапқа тартылатынын баса айтты.
Айта кетейік, Goldman Sachs Asset Management компаниясының экс-төрағасы және Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Джим О’Нил Ауғанстанда билікті «Талибан» қозғалысының басып алуы АҚШ долларының құлдырауына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен еді. Енді ауғанстандықтар 440 миллион доллардан қағылып отыр. Себебі Дүниежүзілік банк те елге транш беруден бас тартқан.