Басты бетЖаңалықтарАқтаудағы теңіз...

Ақтаудағы теңіз жағалауынан ер адамның мәйіті табылды

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, құтқарушылар ер адамның мәйітін судан шығарды.

Ақтаудағы бесінші шағын ауданындағы 2001 жылы туған жас жігіт Бейнеу ауданының тұрғыны болып шықты. Туыстарының айтуынша, ол 23 тамызда үйінен шығып кетіп, содан бері үйіне келмеген, − деді Бекболат Әбдіқадыров.

Қазіргі таңда марқұмның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр.