Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік күзет...

Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы мен орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.

Президенттің Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.