Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасына көңіл айтты

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты. Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады, — делінген президенттің жеделхатында