Басты бетҚоғамҚазақстанда карантин...

Қазақстанда карантин шектеулері жеңілдейтін болды

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиология жағдайының тұрақтануына байланысты ВАК карантин режимін жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады.

1.  28 тамызынан бастап:

  • Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектіcінің демалыс күндері сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары — Ashyq мобайл қолданбасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02.00-ге дейін;
  • сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.

2.  30 тамызынан бастап жұмыс күндері:

  • Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектіcінің жұмыс уақыты 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылды.
  • Бұл ретте эпидемиология жағдайын ескере отырып, Алматыда карантин шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
  • санитария талаптарына сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымында Ashyq жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.