Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 157 адам қайтыс болды

Фото: Coronavirus2020.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 25 тамыздағы мәлімет бойынша, 120 864 адам (–114 747 + және 6 117 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 27 666 пациент, амбулаторияда 93 198 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 832 адамның жағдайы ауыр, 550 пациенттің жағдайы өте ауыр. 262 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 6 040 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Exit mobile version