Elbasy.kz хабарына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев Нәдір Нәдіровтің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.
Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі. «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты, — делінген жеделхатта.
Нәдір Кәрімұлы Нәдіров 1932 жылы 6 қаңтарда Әзірбайжанның Нахичеван қаласында туған. Ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор.
1983 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі. Қазақ КСР-нің Еңбек сіңген ғылым қызметкері, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қазақстанның және КСРО-ның Құрметті мұнайшысы, Қазақстанның Құрметті азаматы және Құрметті инженері.