Басты бетЖаңалықтарВакцина салдырған...

Вакцина салдырған Тоқтар Әубәкіров ауруханаға түсті

Тоқтар Әубәкіров 21 тамызда үйге жедел жәрдем қызметін шақырады. Ол дене қызуының көтеріліп, бойында әлсіздік байқалатынын айтқан. Президент істері басқармасы медициналық орталығының ауруханасының директоры, профессор Валерий Бенбериннің айтуынша, шұғыл көмек көрсету қызметінің мейіргерлері келіп, оның жағдайын тексерген. Кейін одан ПТР-тест алынған.

Алайда тест нәтижесі теріске шығып, КВИ диагнозы расталған. Содан соң дәрігер оған қосымша дәрі-дәрмек пен кеңестер ұсыныпты. Десе де, ол ауырып жатқанына алтыншы күн екенін және Сумамед дәрісін өз бетімен қабылдап, ауруханаға бармағанын айтты.

2 тамызда аурухананың мобильді тобы үйде тест алды, кеуде тұсына компьютерлік томография жасады. Зертханалық аспаптық-зерттеулердің нәтижелері бойынша ол елорданың қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылуға жіберілді, − деді Банберин.

Алайда Тоқтар Әубәкіров ауруханаға жатудан бас тартқан. Бүгін таңертең науқаспен әңгіме жүргізілген соң, ол Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына орташа ковид диагнозымен жатқызылды. Мәліметтерге сүйенсек, оған екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылған.

Айта кетейік, Тоқтар Әубәкіров вакцинаның екі компонентінде салдырған.