Қала мәртебесі берілген Қосшыға жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды.

Гайдар Қасенов 1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс» АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, 2021 жылдың 27 шілдесінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақмола облысының Целиноград ауданы қайта құрылып, Қосшыға қалаға мәртебесі берілді.