Облыстық Полиция департаменті мәлім еткендей, теміртаулық мекеме қызметкері қайтыс болған жұбайының алтын сақинасы мен күміс алқасын ұрлады деп айыптап, полицияға арыз берді. 23 шілдеде арыз берушінің жұбайы Абай көшесіндегі коронавирус жұқтырғандарды емдейтін госпитальге түскен.
Ал 6 тамызда ер адам жан сақтау бөлімінде қайтыс болады. Содан кейін әйел жұбайының зергерлік бұйымдары мәйітханада жоғалғанын білген. Ол бұл жағдайды егжей-тегжейлі анықтай бастағанда, медициналық мекеме алтын сақинаны қайтарып берген. Алайда тағы бір күміс алқаны қайтарып ала алмапты. Осыдан соң ол полиция бөлімшесіне арызданады.
Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Бөтен мүлікті ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайды анықтап қажетті шаралар жүргізіліп жатыр, − деді Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.