Қазылыда екі жасөспірім қыз суға батып кетті

Белгілі болғандай, 14 жастағы қыз ауылдағы мектепте тоғызыншы сыныпта оқыса, 17 жастағы қыз облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқыпты.

Каналға 2004 және 2007 жылғы екі қыз бала абайсызда батып кеткен. Жергілікті тұрғындар күшімен 14 жастағы қыздың денесі судан шығарылды. Құтқарушылар 17 жастағы қыздың денесін бір күннен кейін суға батқан жерінен бес шақырымдай қашықтан тапты. Іздестіруге жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техника және 1 қайықпен барды», − деді облыстық  ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.