Шетел асқан қандастарымыздың хал-жағдайы жайлы мәліметтерді осы аз ғана консул беріп отырады. Министр Ерлан Ыдырысов алпауыт елден 6 мың бала жайында ақпарат алу да қиын екендігін де жеткізді. Ал бес жыл бұрын дәл осы елде жоғалған бала туралы сұраған журналистерге министр қатқыл жауап қатты.
«Кейбір жайттардың анық-қанығын білмеймін. Барлығын бақылай алмаймыз ғой. Сондықтан да Америкаға қатысты деректерді әлі де тексеру керек», -деді Ерлан Ыдырысов.
Осыдан біраз уақыт бұрын Америкада қазақстандық екі баланы ерлі-зайыпты ұзақ уақыт қамауда ұстап, зорлық көрсеткені жайлы хабар түскеннен кейін бала беруге тыйым салынған. Сондықтан министрлік балалар туралы толық ақпарат қолға тимейінше, АҚШ-қа бала бермейміз деп отыр.
Я раббым казактын кара коздерне жар бола кор.Бул дегенымыз оте журеке ауыр тиеды екен кайта каитарып алуымыз керек.
Қазақстаннан. шетелге. бала. беруге. мен. қарсымын Баланы. Өзiмiз. асырап. алғанымыз. дұрыс
6 мың өте көп сан осыншама баланы АҚШ қа жіберу бұл ел үшін масқара.Тастанды немесе жетім балаларды өз елімізден баға алам деген отбасыларға мың түрлі қағаз жинатпй беру керек деп есептеймінБізде осы қағаз жинау деген дерт жұмыс істетпейді гой.
Алты мің деген өте көп сангой масқара осынша АҚШ қа берген не деген сұмдық.Өз отандастарымыздын арсындағы бала бағып алам дегенднрге мың түрлі қағаз жинатқанша беру керек деп ойлаймын.Осы біздегі бір жерге кіру үшін бірнеше қағаз жинау деген дерттен қашан құтылар екенбіз
Мемлекет баларды шет елге бергенше өзі асырап алған жөн. Қаншама ақша бюджеттен ұрланып жатыр, сол ақшаға қаншама бала үйін салуға болатын еді? Жыланбай мемлекет жаңа бала үйлер салғызып,
баларды қазақша тәрбиелеуге бел буса халық риза болар еді! Осы жағын үкімет еске алып қойса нұр үстіне нұр болар еді!
Не сұмдық не сұмдық қайтару керек дегеннен пайда жоқ шын мәнінде әр қазақ жаны ашыса өзінен бастау керек. Баланы асырап алу қажет. Жетім бала саны аз болса шет елге асыру да тоқтайды
Бұл.үкіметпіз деп отырған жалмауыздардың бизнесі,оларға халықтың болашағы тиын құрлы құны жоқ.Елге деген махаббат Ана сүтімен,Ана тілімен,туған Жеріңнің бала кезіңнен басқан жалаң аяғыңнан жүрегіңе беретін сезімі.Сол нəрестелердің тағдырын күні бүгінге дейін соларға беріп қойған,күйінгеннен не пайда?