Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қандай...

Қазақстанда қандай маркалы көлік жиі ұрланады?

Ең жиі ұрланатын автокөлік маркасы – Mercedes, Toyota, Мазда, BMV, Volkswagen және Lexus, — деді Қанат Нұрмағамбетов.

Сонымен бірге ол көлік ұрлығы жиі тіркелетін қалаларды атады.

Анализ бойынша автокөліктерді заңсыз айдап әкету Алматыда, Алматы және Қостанай облыстарында жиі болады, — деді полиция департаментінің бастығының орынбасары.

Еске салайық, Ішкі істер министрлігі 16-22 тамыз аралығында елде «Автокөлік» іс-шарасын ұйымдастырды, оған 5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Олардың күшімен іс-шара аясында 118 автокөлік ұрланғаны анықталды.