Байқау Түркістанда 6-7 қазанда өтеді. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
- Құранды толық жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек.
Сондай-ақ жарысқа Қазақстан Республикасының 30 жастан аспаған азаматы қатыса алады. Үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатысады.
Жарысқа қатысу үшін үміткер анкета толтырып, жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады. Іріктеу сайыстан өткенін растайтын құжат пен облыстың бас имамының ұсыныс хаты болуы керек.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар мен сертификат табысталады.
Құранды толық жатқа оқу бойынша 1-орынға автокөлік, 2-орынға 3 миллион теңге, 3-орынға 2 миллион теңге беріледі.
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша 1-орынға 2 миллион теңге, 2-орынға 1,5 миллион теңге, 3-орынға 1 миллион теңге қарастырылған.
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша 1-орынға 1,5 миллион теңге, 2-орынға 1 миллион теңге, 3-орынға 750 мың теңге беріледі.
Құранды мәнерлеп оқу бойынша 1-орынға 1 миллион теңге, 2-орынға 700 мың теңге, 3-орынға 500 мың теңге табысталады.