Басты бетЖаңалықтарРудныйда мас...

Рудныйда мас ер адам балконнан оқ жаудырды

Келеңсіз жайттың видеосы әлеуметтік желіде таралып, қызу пікірге ұласты.

Рудный қаласында 22 тамызда сағат 17:30 шамасында өзінің екінші қабаттағы пәтерінің балконынан мас ер адам қараусыз жүрген жылқыларды пневматикалық тапаншамен бірнеше рет атты, − деді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Белгілі болғандай, 32 жастағы ер адамнан пневматикалық тапанша тәркіленіп алынды. Жайылып жүрген жылқылардың иесін анықтау шаралары да жүргізіліп жатыр. Оқыс оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.