Басты бетҚоғамПрезидент Пусанда Қазақстанның бас консулдығын ашу туралы жарлық шығарды

Президент Пусанда Қазақстанның бас консулдығын ашу туралы жарлық шығарды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын, — делінген жарлықта.

Президент үкіметке қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пусан – аумағы жағынан Оңтүстік Кореяның Сеулден кейінгі екінші қаласы. Қала жағажайларымен, тауларымен және храмдарымен танымал. Сондай-ақ ол елдің ірі порты.

Еске салсақ, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды. Сапар барысында Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлына қойылған бюсттің ашылу рәсіміне қатысты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да