Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактика оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медицина құралдарын, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады, — деп жазды Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында.
23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізетіні де хабарланды.
Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады, — деді баспасөз хатшы.