Қазақстандықтар болған оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жариялап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Алматыэлектротранс» ЖШС мәліметінше, жол апаты 21 тамызда сағат шамамен 14.50-де Байзақов көшесінен кейін тұрған батыс бағыттағы Абай даңғылында болған.
Троллейбус жүргізушісі өзін нараш сезініп, көлікті басқара алмай жерасты өткелінің қабырғасына соғылды. Аталған дерек ПД-да тіркелді, тексеру жүріп жатыр, — деп хабарлады «Алматыэлектротранс» өкілі.
Апаттан балалар да зардап шекті. Ольга Бражникова Facebook-те екі немересі жарақат алғанын жазды.
6 жасар қыздың кеудесі көгерген, ерні жыртылған, кішісінің мұрны сынды. Жедел жәрдем күтпедік, — деп жазды Алматы тұрғыны.