Басты бетЖаңалықтарВакцина, босқындар:...

Вакцина, босқындар: Бас прокуратура халықты жалған ақпарат таратпауға шақырды

Кейінгі кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерде арандату және жалған материалдарды тарату жағдайы жиілеп кетті. Мұндай ақпарат хабарлары вакциналау мен босқындардың келуінен бастап, тіл мәселесіне дейінгі әртүрлі тақырыпты қамтиды. Жалған жарияланымдар болып жатқан оқиғаларды бұрмалайды, халықты жаңылыстырады, — делінген ведомство хабарында.

Сонымен бірге хабарламада адамның бас бостандығы туралы да жазылған.

Кейбіреулер Конституцияда кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына – шығу тегіне, ұлтына және тіліне байланысты кемсітушілікке жол берілмейтініне ашық түрде қол сұғады. Сонымен қатар аталған құқықтар мен бостандықтарды бұзу және шектеу, көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодекстің 145, 174, 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», — делінген мәлімдемеде.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, арандатуға бой алдырмауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.