Нилуфар Раимова әйелдер күресінен жастар арасында әлем чемпионы атанды

Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда Италья спортшысы Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында чемпион атанды.