Елдегі мейрамхана мен клубтардың маңына полиция бекеті қойылады

Өкінішке қарай, аурудың өршіп жатқанына қарамастан карантин режимін бұзу күн сайын тіркеліп жатыр. Маусымдағы 1,8% құқықбұзушылық көрсеткіші, тамызда 3,5%-ке дейін артты. Әрине, жергілікті атқарушы органдар қосымша шаралар қолданады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында ірі мейрамханалар маңына полиция бекеттері қойылады. Осыған ұқсас іс-шаралар Алматыда да қабылданды. Түнгі клубтар маңына жергілікті атқарушы органдар іс-шара өткізуге жол бермеу үшін полиция бекеттерін қояды, — деді Есмағамбетова.

Санэпидбақылау комитетінің басшысы карантинді бұзған тұрғын вирустың таралуына өз үлесін қосатынын айтты.

Біз вирусты мутацияға итермелейміз. Біз тағы да қазақстандықтарды қазіргі эпидемиология жағдайын ескере отырып, вакцина алуға шақырамыз. Карантин режимін сақтау керек, адам көп орындарға бармауға, той өткізбеуге, тойға қатыспауға шақырамыз. Өйткені, мұндай жиындар коронавирустың пайда болуынан бастап, өршуіне әкеп соғатынын көріп отырмыз, — деп қосты Айжан Есмағамбетова.