Бүгінгі таңда Білім және Ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта әкімдіктермен бірігіп, санитарлық-эпидемиялық қызметкерлер осы мектептердің оқу жылына дайындығын тексеруде. Соның ішінде санитарлық-эпидемиялық талапқа сай келуі тексеріледі, — деді министрлік өкілі.
Вице-министрдің айтуынша, мектептердің санитарлық-эпидемиялық жағдайын, мектепке келген балалардың ара қашықтығын сақтауына арналған белгілердің және санитайзерлердің бар болуын, мектепке кіре берістегі бақылау қалай жүргізілетінін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге тексеру жұмыстары 25 тамызға дейін жүргізілетінін жеткізді.