Бұған дейін жеке құрам мотокөлікті тізгендеудің арнайы оқуынан өтті. Бұл мотоциклдер, тәртіп сақшыларының айтуынша, өздерінің мобильді болуына мүмкіндік береді, оқиға орнына келуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі, − дейді полиция.
Осыған орай патрульдік полиция мен жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына қарбалас уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін 20 КТМ мотоциклі алдыртылды.