Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда вакцина...

Нұр-Сұлтанда вакцина паспортын қолдан жасаған ер адам қолға түсті

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда вакцина паспорттарын алу үшін ер адамның көмегіне жүгініп, алданған азаматтардың саны анықталып жатыр.

Белгілі болғандай, полицейлер назарына кез келген үлгідегі құжат дайындауды уәде еткен 28 жастағы ер адам күдікке ілінеді. Ол қала тұрғындарына вакциналау төлқұжатын 20 күн ішінде дайындап беруді ұсынады. Әрі қарай тапсырыс берушілер ақшаны алдын ала төлеуі керек болған. Алайда ер адам жұмыс орнының маңында 50 мың теңге көлеміндегі ақшаны алу үстінде қолға түсті. Күдіктінің айтуынша, ол осылайша жеңіл жолмен ақша таппақ болған.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтарды заңға қайшы кез келген әрекет үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы қаласында жалған вакциналау паспортын сатқаны үшін емхана меңгерушісі, оның қарамағындағылар мен делдалдар да ұсталған еді.