Басты бетЖаңалықтарТүркіменстанда әйелдерге...

Түркіменстанда әйелдерге темекіні анықтамамен сатады

Түркіменбашыдағы мемлекеттік дүкендердің талабы бойынша, темекі сатып алғысы келетін әйелдер биыл қаңтардан бастап жергілікті наркологиялық клиникадан шылымға әуестігі туралы есепте тұрғанын айғақтайтын анықтама көрсетуі керек. Хабарларға қарағанда, наркологиялық диспансер алдына күнде 300-350 әйел кезекке тұрады. Олар анықтама алу үшін мекеме ғимаратына түнде келіп кезекке тіркелуге мәжбүр.

Түркіменстан билігі әйелдерге темеке сатуға шектеу енгізген. 2016 жылы елде темеке бірнеше мәрте сатылмай қалды. Дүкендерге темекі түскен уақытта, сауда нүктелері алдында ұзыннан-ұзақ кезек пайда болады.

Түркіменстанда темекі саудасы мемлекеттің бақылауында. Темекі тауарлары тек қана мемлекеттік дүкендерде сатылады. «Қара базарда» темекі жасырын түрде сатылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Түркіменстан әлемде темекі шегуден ең соңғы орында тұр. Мұнда халықтың 8 пайызы ғана темекі шегеді.

Дереккөзcentralasian.org