Барак Обама демократияға қауіп төндіруші факторларды атады

Чикагода халық алдына шыққан Обама алдымен америкалықтарды демократияны қорғауға шақырды.

«Қай жағынан алып қарасақ та, Америка сегіз жыл бұрынғыдан әлдеқайда жақсы және қуатты ел. Егер біз демократияның қадірін түсіне алмайтын болсақ, бұл құндылығымыздан айырылып қалуымыз мүмкін» деді Ақ үйдің қазіргі басшысы.

Айта кетейік, енді 2008 жылдан бері билікте болған Ақ үйдің алғашқы қара нәсілді 55 жасар президентінің орнына 20 қаңтар күні ресми түрде Дональд Трамп келеді. Басылымның хабарлауынша, республикашыл президент Обаманың саясатының көптеген тұсын өзгертпек.

Обама биліктің ауысу кезінде ел ішінде бейбітшіліктің сақталуы Америкалық демократияның тағы бір ерекшелігі екенін айтты.

Сонымен қатар Барак Обама Америкалық демократияға қауіп төндіруі мүмкін үш нәрсені атады: әлеуметтік теңсіздік, нәсілдік бөліну және қандай да бір ерекшеліктерді алға тарта отырып қоғамның жік-жікке бөлінуі.

АҚШ президенті бүгінгі жастардың жігерлі екенін, ал Чикаго өзінің де жастық шағы өткен қала екенін айтты.

Дереккөзegemen.kz