Түркиядағы өртті сөндіруге аттанған қазақстандық құтқарушылар елге оралды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей, Әзербайжан, Грузия, Украина, Польша, Австрия, АҚШ, Беларусь, Иран, Испания және Швейцария сияқты мемлекеттердің басқа экипаждарымен бірге Даламан қаласының маңындағы өрттер толығымен жойылды, — делінген хабарламада.

Орман алқабына жайылған өртті сөндіру үшін қазақстандық құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс атқарды. 16 құтқарушы мен екі тікұшақтан құралған арнайы топ жалпы көлемі 300 тоннадай болатын 80 циклды су шашты.

18 тамыздағы жағдай бойынша бекітілген аумақта өрт толық сөндірілді.