Басты бетБілімАсхат Аймағамбетов:...

Асхат Аймағамбетов: Педагог мамандығын таңдаған талантты балалар саны артты

Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң педагог бағытына оқуға түсетіндер деңгейіне өте жақсы ықпал етті. Осы мамандықты таңдайтын талантты балалар саны артты. Биыл педагогикалық бағыттар бойынша 9 066 грант тағайындалды. Орташа балл 75-ке дейін артқанына қарамастан, балалар келіп жатыр. Конкурсқа 19 133 адам қатысты. Олардың арасында бір мыңға жуық талапкер 130-дан астам балл жинаған. Шын мәнінде үздік талапкерлер педагог мамандығын таңдай бастады, — министр.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, олардың ішінде 20% жуығы «Алтын белгі» иегерлері болып отыр. Биыл оқуға түскендердің орташа балы да күрт өскен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асхат Аймағамбетов 2022 жылдың қаңтарында балабақша мен мектеп, колледж директорларының жалақысы көбейетінін айтты.