«Forex (ағылшын тілінен FOReign EXchange — «шетелдік айырбас») — бос бағалар бойынша банкаралық валюта айырбастаудың ұйымдастырылмаған нарығы. Қазақстанда жеке инвесторларға Forex нарығында интернет арқылы сауда жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар компаниялар бар. Аталған қаржы делдалдары Қазақстан заңнамасында қарастырылған және ҚР Ұлттық банкімен берілетін валюталық операцияларды жүргізуге лицензиялары жоқ», — деп xабарлайды KASE.
Қор биржасының берген ақпарат бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, валюталық операцияларды, соның ішінде клиенттердің тапсырысы бойынша жүргізілетін операцияларды, тиісті лицензиясы бар банк ұйымдары ғана жүзеге асыра алады. Бүгінгі таңда валюталық операцияларды жүзеге асыруға рұқсаты бар және KASE-ге «Валюта нарығы» санатында мүшелік ететін 35 екінші деңгейлі банк бар.

«Қазіргі уақытта клиенттердің Forex-компаниялармен арадағы қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының жеке заңнамасымен регламенттелмеген және тек келісім қатынастары арқылы ғана құрылады. Тиісінше, инвестор Forex-компаниялардың қызметтерімен байланысты қаржылық және заңдық қауіп-қатерлер бойынша барлық жауапкершілікті өзі көтереді. Сонымен қатар бір фактіге мән берген жөн, Forex нарығындағы компаниялар оффшорлық аймақтарда тіркелуі ықтимал, сондықтан егер клиент пен компания арасында қаржылық және заңдық дау-дамайлар шығатын болса, олардың географиялық алыстығына байланысты дауды сот арқылы шешу қиынға соғады», — делінген KASE-нің «ҚазАқпарат» тілшісіне берген ресми жауабында.