Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
19 тамыздағы мәлімет бойынша, 121 113 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 30 286 пациент стационарда, 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Жалпы науқастар арасында 1 896 адамның жағдайы ауыр, 540 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
265 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Пандемия басталғалы 715 716 адам коронавирус жұқтырды, 7 988 адам қайтыс болды. 66 802 адамнан пневмония анықталып, 4 129 адам көз жұмды.

