Асқар Мамин мен Михаил Мишустин келіссөздер өткізеді

Кездесуде Михаил Мишустин Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Маминмен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар Ресей Премьер-Министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, делінеді хабарламада.

Басқосу барысында өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Оған қоса Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылады.