Оралда 60 жастағы ер адам жетінші қабаттан құлап қайтыс болды

Өңірге қарасты Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы жайт бүгін түске қарай И.Ларин көшесіндегі көпқабатты үйде болды. Жедел жәрдем көрсету қызметі 12:30-да шақыртылды.

Алайда 1961 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.