Алматыда 3 мыңға жуық бала коронавируспен ауырып жатыр

Нариман Табынбаевтың сөзінше, қазір 195 бала ауруханада, 2 540-ы үй жағдайында емделіп жатыр.

Үшінші толқын өршіп тұрған кезде Алматы ауруханалардағы балалар саны 30-40-тан аспайтын. Штамның қазіргі түрімен балалар жиі ауруып жатыр. Өткен аптада балалардың арасында жұқтыру тіпті өршіп кетті. Стационарларда 245 науқас бала болды. Коронавирустың жаңа штамы өте қауіпті әрі жұқпалы, балалар оны тез жұқтырады, — деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы басшысы.

Еске салайық, Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте қайтыс болды.