ДДСҰ әлемдік қауымдастықтан дельта штамымен күресуге 7,7 млрд доллар сұрады

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, қазір бұл қаражатты таппаса және дельта штамының ең осал елдерде таралуын тоқтатпаса, әлемдік қауымдастық бәрібір келесі жылы «төлеуге» мәжбүр болады.

Мockva.ru басылымының мәліметінше, 2,4 миллиард доллар халқының табысы төмен және орташа елдерде тестілеуді жақсартуға жұмсалмақ. Медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,7 миллиард қажет. Коронавирустың ауыр түрлерін емдеу үшін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге тағы 1,2 миллиард жұмсалады.

Тедрос Аданом Гебрейесус әлем пандемияның өткір кезеңінде екенін айтты. Жаңа штамдардан қауіп те бар. Қазіргі уақытта әлемде «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» штамдары басым. Басқа да қауіпті мутациялардың пайда болуы мүмкін.

ДДСҰ болжамынша, вирустың таралу қарқыны қазіргідей болса, 2022 жылдың қаңтарында SARS-CoV-2 жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асуы мүмкін.