Басты бетЖаңалықтарАлматыда ескі...

Алматыда ескі үйлер арзандай бастады

Алматыда бұған дейін жаңа үйлерден де жоғары бағаланған ескі пәтерлер біраздан бері өтпей қалғандықтан, бағасы төмендей бастады.

«Ескі үйлердің иелері осыған дейін бағаны түсірмей келген. Өзінің о бастағы сатып алған ақшасын қайтарғысы келіп, қосып сұрайтын. Қазір жағдай басқаша. Клиенттері жаңа үйлерге кете бастаған соң қожайындар саудаласуға көніп жатыр», — дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Нина Лукьяненко.

Нина Лукьяненконың айтуынша, былтыр Алматыда жаңадан салынған үйлерді сатып алушылардың саны 57%-ға өскен. Сондай-ақ елордада да бұл сауда әлдеқайда артқан. Риэлтор Аяулым Болатқызы жаңа құрылыстардың көбейіп жатқанын айтып отыр.

«Егерде сіз алам десеңіз, көбіне сіздің таңдауыңызға байланысты жүгінеді. Өйткені, қазіргі кезде біздің Астанамызды алатын болсақ, сатылатын пәтерлер саны өте көп. Жаңа құрылыстар көбейіп келе жатыр», — деді ол.

Риэлторлар екінші жартыжылдықта баға өсуі мүмкін деп отыр. Өйткені, алда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі келе жатыр.

Мамандардың айтуынша, бірден баспаналы болуға шамасы жете бермейтін жұртқа басқа да мүмкіндіктер бар. Қазір көптеген құрылыс компаниялары бәсекелестерден қалып қоймас үшін жаңа үйлерді қарызға беріп жатыр.

Дереккөзktk.kz