Александр Винокуров бұрынғы қызметіне қайта келді

Александр Винокуров команда жетекшісі лауазымына қайта оралатынына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, шабандоздар мен жеке құрамды және жобаның басқа да міндеттерін қолға алады.

Бәрі жақсы. Жұмысты бастаймыз. Уақыттың зая кеткеніне қарамастан, болашаққа зор үмітпен және оптимизммен қараймыз, — деп түсіндірді велошабандоз.

Еске сала кетейік, маусым айында «Астананың» басқарушы директоры Яна Зель Винокуровтың қызметтен кететінін мәлімдеді. Дегенмен, бұл жаңалық спорт саласында айтарлықтай наразылық тудырып, спортшының өзі де таңғалғанын жеткізген еді. Енді А.Винокуров велокомандаға қайта келді. Сонымен қатар бүгінде ол Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.