Алайда аталған құжатпен танысқан Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенованың айтуынша, белсенділерді айтпағанда, заңгерлердің өзі заңды білмейді.
Бүгін — 16 тамызда апелляциялық шағым бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Отырыста сөз алған заңгер Айжан Тәшенова Мамай мен Иманбайдың және олардың адвокатының сотқа мүлдем дайындықсыз келгенін тағы айтты.
Мамай мен Иманбаева ар-ұятты шетке ысырып, сотты қайтадан шоуға айналдырып жатыр. Олар заңды білмейді делік, алайда заңды білмеу оларды жауапкершіліктен босатпайды. Бірақ олардың адвокаты – кәсіби заңгерлер заңды білуі керек қой?! Заңгер ретінде заңмен анықталған процедуралық шеңберде әрекет ету — олардың кәсіби міндеті, — деді Айжан Тәшенова сот отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Ар-намысымды таптады» деп Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың үстінен сотқа арызданған. Азаматтық сотта ерлі-зайыптылар жеңіліп, Бауыржан Байбек туралы түсірген видеоматериалын YouTube видеопорталынан өшіруге міндеттелген еді. Сонымен қатар олар сот шығыны – 800 мың теңгеден астам ақшаны да төлеуге тиіс.