Бұл үшін е.Gov.kz порталы арқылы өтініш беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қосылады.
ЖОО-ға ақылы негізде қабылдану үшін университеттердің виртуал қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналасқан, — деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналы.
Еске салайық, 14 тамызда 2021 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.
Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды.