Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды.
Биыл «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» бағыты сұранысқа ие болды. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент және басқа да бағыттар сұраныста.
Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруға тиіс.
Ең көп грант бөлінген салалар:
- инженерлік, өңдеу және құрылыс – 17 028 грант
- педагогикалық ғылымдар – 9573 грант
- ақпараттық коммуникациялық технологиялар – 7487
- жаратылыстану ғылымдары – 4088
- ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1895,
- денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға – 2700,
- өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1615,
- бизнес, басқару және құқық – 1223,
- әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандықтарына 960 грант бөлінді.
Грант иегерлерінің тізімі қазақ тілінде
Грант иегерлерінің тізімі орыс тілінде
Сонымен қатар грант иегерлерінің тізімін Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналынан көруге болады.
Сонымен бірге Kundelik.kz порталынан, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті және «Казахстанская правда» республикалық газетінен грант иелерінің тізімін көре аласыз.
Барлық сұрақ бойынша төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
- 87172 695096
- 87172 695280
- 87172 695287
- 87172 695292
- 87172 695071
- 87172 742284
- 87172 742525
- 8 7172 741739